11 қаң, 2022 сағат 13:54

Президент валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды


Ұлттық валютаға алаяқтық қысымның айтарлықтай тәуекелі туындады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпей тұрақты экономикалық өсім мүмкін емес. Орын алған оқиғалар, төтенше жағдай режимі аясында ұлттық валютаға алаяқтық қысымның айтарлықтай тәуекелі туындады. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне нарықтың сыртқы және ішкі қатысушылары тарапынан теңгеге сенім толықтай қайта қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.