28 ақп, 2020 сағат 06:50

Президент Үкіметке коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.