14 қаз, 2020 сағат 09:52

Медицина қызметкерлерінің үстемақысына бюджеттен 137 млрд теңге бөлінген

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемияға қарсы бір кісідей атсалысқан медицина қызметкерлердің бәрі де назардан тыс қалмайтынына сендірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Эпидемияға қарсы бір кісідей атсалысқан медицина қызметкерлердің бәрін де тиісті әлеуметтік өтемақымен қамтуға тырысамыз. Мемлекет басшысының мемлекеттік комиссия отырысында берген тапсырмасына сәйкес, осы жылдың наурыз айынан бері медициналық қызметкерлерге ынталандыратын төлемдер жүргізілуде. Бүгінге дейін медициналық қызметкерлерге 7,7 млрд теңгенің төлемі жүргізілді. Президент 1 қыркүйекте халыққа Жолдауында ынталандыратын үстемақы беруді 2020 жылдың соңына дейін жалғастыруды тапсырған еді. Осы мақсатта бюджеттен 137 млрд теңге бөлінді», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.