Сурет авторы: Ерлан Омаров, "Егемен Қазақстан" басылымы
Биыл республика бойынша Президент шыршасына 4 мыңнан астам бала қатысты. Мерекелік кеш 25 желтоқсанда өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әрбір қатысушы Президент шыршасынан бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алған.
«Мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті. Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты. Олар - оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар», - деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.
Биылғы жаңа жылдық шыршаның тақырыбы «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» болды.