09 сәу, 2019 сағат 10:55

9 маусымда Президент сайлауы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау өтетін мерзімді атады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымы күні ҚР Президенті сайлауы өтетінін мәлімдеді. 

"Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым", деді Қазақстан халқына үндеуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!", - деп атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі (Видео)

Тоқаев кезектен тыс Президентік сайлау туралы Жарлыққа қол қойды