29 қаң, 2022 сағат 21:42

Президент Сағынтаевты қызметінен босату жайлы сауалға жауап берді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисіне берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалардан кейін Алматы әкімінің отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тоқаев Сағынтаев өз қызметінде қалатынын айтты. 

"Сіз әкімнің қалуын қалайсыз ба? Әкімге келетін болсақ, ол өмірде алғаш рет қиын жағдайға тап болды. Мұндай жағдайда бәрі бірдей шешім таба бермейді. Мен оны кінәламас едім, ол - қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам. Бірақ мен алматылықтардың көңіл-күйін ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыт келеді", - деп жауап берді журналиске Президент.