17 ақп, 2022 сағат 22:15

Президент наурыздағы Жолдауында қандай мәселеге тоқталатынын айтты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президенттік сайлауға қатысты жоспары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сіз екі мерзім ғана Президент қызметін атқаруыңыз мүмкін екенін айттыңыз. Олай болса, келесі сайлауға қатысатыныңыз анық қой?» деп сұрады тілші сұхбат барысында. 

«Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген. Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы Жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба, оны айта алмаймын», - деді Тоқаев.