Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың жұмысын қайта құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сынды стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік органдарымыздың, сыртқы барлау қызметтеріміздің жұмысын қайта құру қажет. Олардың барлығы бір мақсат – кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатер кезінде азаматтарымызды, конституциялық құрылымды, егемендікті барынша тиімді қорғау үшін жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Мұны мемлекетіміздің түбегейлі мүддесі талап етеді», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.