17 нау, 2020 сағат 12:32

Президент кәсіпкерлер үшін қосымша қолдау шараларын қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы дағдарыстан жапа шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда өсімпұл қосуға тыйым салынады. Агенттік пен Ұлттық банк дағдарыстан жапа шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне төлем, сонымен бірге негізгі қарыз бен өсімпұл уақытын 90 күнге дейін ұзарту бойынша қосымша шаралар қабылдауы керек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.