коллаж: Tengrinews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылады", - делінген жарлықта.
Сондай-ақ, Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған.