ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Бейнежазба қоғам наразылығын тудырды.
Салдарынан колонияның 7 қызметкері жұмыстан шығарылды.