Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Азық-түлік бағасының қолжетімді болуын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінде халықтың үштен бірінен астам (37 пайызы) бөлігі толықтай оқшауланған қалаларда тұрып жатыр. Сондықтан да азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету басты мәселенің бірі болып қалады», - деді Президент.
Бұл ретте халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз тобындағы азаматтарды қамтамасыз етуге назар аударылады.
«Аталған мәселені Үкімет пен әкімдіктер тұрақты бақылауда ұстауын тапсырамын. Үш күн бұрын елорданың көліктік-логистикалық орталығында болдым. Үкімет ел бойынша азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін қадағалып отыр. Бізде азық-түлік жеткілікті. Дүрбелең тудырмас үшін бағаның қолжетімді болуын әрі дұрыс логистиканы қамтамасыз ету қажет», - дедә Мемлекет басшысы.
Осы орайда Прзидент Үкімет әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының 9 атауына шекті бағаны бекіткенін еске салды.
«Сонымен бірге, реттеу тетігі жетілдіруді талап етеді. Сауда және интеграция министрлігі мен әкімдерге бірге бағаның қалыптасуының тұтас тізбесі бойынша өнім құнын реттеудің тетігін оңтайландыру тапсырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.