Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралып жатыр. Бұл - өтірік, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме Аkorda.kz ресми порталында да шықпаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында бұл туралы жазбаған.
Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ.
Демек, Мемлекет басшысының "Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы" мәлімдемесі - фейк.

