05 мам, 2023 сағат 16:54

Президент әскери ұшқыштардың жалақысы өсетінін мәлімдеді

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери ұшқыштардың жалақысы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Үлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Бүкілармиялық кеңес өтті. Оған Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар қатысты.

Жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды.