11 қаң, 2022 сағат 13:37

Президент арнайы құрылым қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды


Мемлекет басшысы арнайы құрылым мамандарының еңбекақысын жоғарылату керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігінде арнайы құрылым және ұлттық гвардия құрамының санын арттыру қажет. Сонымен қатар олардың дайындығын күшейту жұмысына да басым бағыт беріп, ішкі және арнайы құрылым, әскер, ұлттық гвардияны қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамту да маңызды. Одан бөлек арнайы құрылым қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.