30 қыр, 2021 сағат 18:30

Президент академик Мардан Сүлейменовті "Барыс" орденімен марапаттады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының академигі Майдан Сүлейменовті І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

"Ғылыми және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов  І  дәрежелі «Барыс»  орденімен наградталсын", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.