01 там, 2019 сағат 17:24

Президент әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажеттігін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, рухани құндылықтар туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтар - ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты.