04 мам, 2023 сағат 13:32

АҚШ-тан пошта арқылы есірткі алдыртқан алматылық ұсталды

Көрнекі сурет: pixabay

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық МКД-мен бірлесіп, авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан пошта арқылы жөнелтілген затты алған Алматы қаласының тұрғыны жалпы салмағы 866 грамм болатын "марихуана" есірткісімен ұсталды.

"Ұсталған ер адамның пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, 5 дана электронды таразы, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға және орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Күдіктінің Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқаны анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.