Польша Республикасының президентi Анджей Дуда Қазақстанға мемлекеттiк сапармен келдi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Польша басшысын қарсы алды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды сыртқы экономикалық әрiптестерiнiң бiрi саналады. Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы Польшаның бүкiл Орталық Азия елдерiмен сауда-саттық көлемiнiң 80 пайызын құрайды.
«Атамекен» ҰКП мәлiметiне сүйенсек, бүгiнгi күнi қос мемлекет арасында 24 халықаралық келiсiмшарт бекiтiлген. Тараптар тағы 15 құжат жобасын қарастырмақ. Олардың iшiнде алдағы бизнес-форум аясында қол қойылатын аймақаралық ынтымақтастық саласы да бар.
Айта кетейік, бүгiн Польша басшысы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Польша бизнес форумына қатыспақ. Сондай-ақ, Анджей Дуданың сапары «ЭКСПО» көрмесiндегi Польша апталығына орайластырылып отыр.