Фото: Pexels.com
Бұған дейін қайғылы жағдайдың Гвардейский кентінде болғанын хабарлаған еді.
Қыз алдыңғы күні пәтер жалдап, кешке бес кәмелетке толмаған жігітті қонаққа шақырған. Таңертең оның денесі көпқабатты үйдің терезесінің астынан табылған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Қордай ауданында алдын ала тергеу басталды.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел іс-шараларды жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», — деп мәлімдеді полицейлер.