Қазақстан тоқтаусыз дамып келе жатқан саусақпен санарлық елдердің бірі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов павлодарлық жастармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Артур Платонов Павлодарға сапары аясында С. Торайғыров атындағы жергілікті мемлекеттік университетінде жастар және оқытушылық-профессорлық құраммен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарабевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» қызу талқылады. Халық қалаулыларының пайымдауынша, бұл бастамалар ұлттық экономиканың көптеген салаларын дамытып, нақты нәтиже береді.
Халық қалаулысы Артур Платонов кездесуде Қазақстанның ролі мен тарихы дамудың өз үлгісін жасауға құқық беретінін тілге титек етті.
Оның айтуынша, біздің мемлекетте бейбітшілік пен келісімге негізделген дамудың көпжылдық дұрыс стратегиясы жасалған. Бұл – іргетасы мықты стратегия.
«Біз әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны тигеніне қарамастан тоқтаусыз дамып, өндіріс бағдарламасын қысқартпайтын саусақпен санарлық елдердің қатарындамыз. Біз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудамыз, ал «7-20-25» жаңа бағдарламасы халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған. Әлеуметтік әділдік қағидатының маңыздылығы экономикалық мүмкіндіктерден кем емес. Салықтық жүктемені азайту – әлеуметтік әділдік бағытындағы үдеріс. Бұл бастамаларда адамдарды қызықтыратын басты тетіктер экономикалық тұрғыдан негізделген және жобаларды жүзеге асыруға жағдайлар жасалған. Экономикалық және рухани даму – кез келген жағдайға қарамастан дамудың озық үлгісі», - дейді А. Платонов.
Жұмыс сапары шеңберінде депутаттар Студенттер үйінде болып, ПМУ студенттерінің стартап-жобаларымен танысты.