03 қыр, 2020 сағат 08:18

Пентагон: Қытай Орталық Азияда әскери база салуды көздеп отырған болуы мүмкін

АҚШ қорғаныс министрлігі совет одағының құрамында болған Тәжікстан Қытай әскери база салуды көздеп отырған елдер қатарына кіруі мүмкін деп мәлімдеді.

Конгреске таныстырылған Пентагон есебінде (есептің құпия емес 200 беттік нұсқасы) Пекин алдағы он жылда ядролық оқтұмсықтар санын екі есеге көбейтуді жоспарлап отыр деп жазылған.

"[Қытай] Мьянма, Таиланд, Сингапур, Индонезия, Пәкістан, Шри-Ланка, Біріккен Араб Әмірліктері, Кения, Сейшель аралдары, Танзания, Ангола және Тәжікстанда [ұлттық азат ету армиясының] материалдық-техникалық жабдықтарын орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқан болуы мүмкін" делінген есепте. 

Пентагон құжатындағы мәліметке сәйкес, Қытай теңіз әскерінің күш-қуаты мол, кеме жасау резерві күшті.

Қазір Тәжікстанда Ресейдің шамамен 7 мың мотоатқыштар дивизиясы орналасып жатыр. Олар үш нысанға шашырай шоғырланған.

Ресей Пентагон есебінде Тәжікстан туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Азаттық