01 қыр, 2021 сағат 14:55

Педагогтардың біліктілік курстарын өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажет - Тоқаев


Педагогтардың біліктілік курстарын өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім беру жүйесіне ынталы және білікті педагогтар қажет. Мұғалімдерді қайтадан оқытуды 5 жылда емес 3 жылда бір рет өткізу талап етіледі деп ойлаймын. Өйткені, олар жаңа білімді тасымалдаушы, нағыз ағартушы болуы тиіс. Бұған қоса, педагогтардың курстарды өз қаражаты есебінен өтуіне жол бермеу қажет», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚР Президенті мектептерді орын жетпеу де орта білімдегі өткір проблемалардың бірі болып тұрғанын баса айтты. 

«Тапшылық 225 мың орынды құрайды. Егер шұғыл іс-шаралар қабылдамасақ, 2025 жылға қарай ол 1 миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін 2025 жылдың соңына қарай кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін бұл цифрды бір мыңға дейін жеткізу тапсырмасын беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.