Павлодарлық домбырашы Golden Time Talent халықаралық фестивалінде үздік атанды. Екі кезеңде өткен байқауға 68 елден келген музыканттар қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарлық Темірлан Олжабай Ернат Наурызбен дуэтте Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды.
- Түрлі санаттағы гранд-финал онлайн форматта өтті. Музыканттар Вивальдидің топтамасынан авторлық өңдеуде «Жыл мезгілдері» («Жаз») туындысын ойнады. Видеоны Ұлыбритания мен Қазақстан командасы түсірді, - деп хабарлады облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бөлім басшысы Исатай Хикметов.
Жас әртістер демеушілер мен продюсерлерсіз биік жетістіктерге жетуде. Темірлан мен Ернат - курстастар, Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезден бірге жұмыс істей бастаған.
