08 мау, 2021 сағат 12:50

Павлодарда мас әйел бесінші қабаттағы балконнан құлап кетті


Павлодарда бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен мас әйел аман қалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 7 маусым күні сағат 07.10-да Толстой көшесінде орын алған. 

- 47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен, - дейді департаментте.