30 қаң, 2018 сағат 07:36

Павлодарда қоқыстан нәресте табылды

Павлодарда қоқыс жәшігінде жаңа туған нәресете табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл ақпаратты аймақтық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады. 

"Қазіргі таңда сәби облыстық перинаталдық орталықта", - дейді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Сәбиді қоқыс жәшігінен Палодардың көпқабатты үйлерінің бірінің тұрғындары кездейсоқта тауып алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірше ресми ақпарат берген жоқ.