Павлодарда облыстық әскери комиссариаттан қашып кеткен әскерге шақырылушылар ідестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz. сайтна сілтеме жасап.
Өңірлік сайт жариялаған кадрда екі жас жігіттің Павлодар облыстық әскери комиссариатының үшінші қабатының терезесінен секіріп түскен кезі бейнеленген.
Деловой Казахстан басылымының Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жастардың әскерден босатылуына заңды негіз болмаған және облыс әкімдігінің жиналу пунктінен заңсыз кеткен.
«Заңды себептерсіз әскери қызметтен бас тарту» бабы бойынша әскерден қашқан азаматтарға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе түзету жұмыстарына жегіліп, 400 сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыспен айналысуы ықтимал. Сондай-ақ осы уақыт мерзіміне бас бостандығы шектелуі де мүмкін.
