Павлодар облысында 12 жастағы ұлын жол талғамайтын көліктің руліне отырғызған ер адам жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Павлодар облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.
Павлодарлық пабликтердің бірінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың көлік жүргізіп келе жатқаны көрініп тұрған фотосуреттер жарияланды. Аталған факті бойынша Кенжекөл ауылына көлік патрулі жіберілді.
«Факті расталды - Toyota Land Cruiser Prado» маркалы көлікті оның иесінің 12 жастағы баласы жүргізген. Баланың әкесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 612-бабының 5-бөлімі (көлікті жүргізу құқығы жоқ тұлғаға көлік жүргізгізу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Тәртіп бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады полициядан.
