Павлодар облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жеңіс күні қарсаңында Павлодар облысында тұратын соғыс ардагерлеріне миллион теңгеден берілді. Жалпы, 9 мамырға дейін облыста майдангерлерге және тағы 11 санаттағы азаматтарға берілу үшін 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
«Менің әкем Григорий Федорович Иванченко 1924 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Әкем 1942 жылы Успен ауылынан шақырылды. Кушка қаласында әскери борышын өтеп, содан кейін 1943 жылы сегізінші гвардиялық әуе-десанттық бригадасына еніп, Мәскеу маңында шайқасты. 1944 жылы Жапониямен Екінші Қиыр Шығыс майданында соғысты. 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1950 жылы әскерден қайтарылды. Бейбіт уақытта ол Павлодар әуежайында аға инженер болып жұмыс істеді. Жұмыс өтілі - 57 жыл. Ұл мен қызын тәрбиелеп өсірді, қазір оның төрт немересі бар. Біз батыр әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін ұмытпағаны үшін мемлекетке ризамыз», - дейді майдангердің ұлы Владимир Иванченко.
Қазір Ертіс өңірінде көзі тірі 55 майдангер қалды. Соғыс ардагерлерінің ең жасы үлкені – Шарбақты ауданында тұратын 95 жастағы Михаил Илларионович Ковтун.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ең жас ардагері Михаил Михайлович Мильванов жақында 91 жасқа толады. Ол соғыстың алғашқы күндерінен бастап екінші Сталиндік бригадасының «Отан үшін» атты партизан тобына қосылды. Ол пулеметші болып бекітілген. Партизандық топпен бірге барлау жүргізді, байланыс орнатты және көптеген басқа операцияларды жүзеге асырды. Украина азат етілгеннен кейін топ таратылды. 1947 жылы әскерден қайтарылғаннан кейін Михаил Михайлович Львовтағы №1 теміржол училищесіне түсіп, онда паровоз инженерінің көмекшісі мамандығын алды. 1954 жылы жолдар министрлігінің бұйрығымен Қарағанды темір жолына, сол жерден 47 жыл жұмыс істеген Павлодар локомотив депосына жіберілді. 1984 жылы зейнет демалысына шықты. Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында Михаил Мильванов туған күнімен құттықтауларды қабылдауда.
Павлодар облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектерінен басқа, азаматтардың тағы 11 санаты кепілдендірілген қаржылай көмек алуға құқылы.
Тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілгендерге ұсынылатын төлемдер – 30 мыңнан 100 мың теңге көлемінде. Бұл санаттағылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құрайды. Олардың саны – 6998.
Кеңес Одағында әскер қатарында қызмет атқарған қатысушылар (төрт адам) - 100 мың теңге, Ленинград қаласында қоршауда болған алты адамға – 60 мың, Чернобыль атом-электр станциясында қаза тапқан азаматтардың 21 отбасына – 30 мың теңге және бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан 46 әскери қызметшілердің отбасына – 10 АЕК мөлшерде төлемақы қарастырылған. Бұл сома 1 сәуірден бастап 27780 теңгеге теңестірілген.
Кеңес Одағы кезінде Кеңес әскерінде және басқа да мемлекеттерде қызмет атқарған 673 адамға – 50 мың теңге, фашистік концлагерлердің 24 бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқынына – 100 мың теңге, соғыс кезінде мүгедек болған азаматтардың әйелдері мен күйеулеріне, партизандарға (262 адам) – 30 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне - 30 мың (6998), соғыс жылдары әскери қызметін атқару кезінде мүгедек болған азаматтар - 100 мың (12 азаматқа), Кеңес Одағында ҰОС тұсында жұмыс істеген 214 адамға – 30 мың теңге көлемінде және Чернобыль атом-электр станциясына қатысушыларға (260) 50 мың теңге аударылады.
Әскери қызмет атқарғанда мүгедек болған 12 адам 100 мың теңге алады.