Фото:elements.envato.com
Павлодар облысында сот жеті адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жаппай улану былтыр мамырда Ертіс ауылында болған. Сол кезде екі күннің ішінде бірден жеті адам қаза болды.
Айыпталушы тарапта - жергілікті тұрғын. Іс материалдарына сәйкес, ер адам бес танысына метил спиртін берген.
"Метанолды қолдану салдарынан сотталушы П.-ның кінәсінен абайсызда жеті адам қаза тапты", - деді Ертіс аудандық соты өкілдері.
Сот мәліметінше, прокурор сотталушыны екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушының өзі және оның қорғаушысы бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Павлодар облысының Ертіс аудандық соты ер адамды ҚР ҚК-ның 104-бабы 2-бөлігі бойынша "Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Еске салайық, 2022 жылдың мамырында Ертіс ауылының үш тұрғынының денесі үйлерінен табылып, тағы үш адам аудандық ауруханада көз жұмды. Кейін жетінші жәбірленуші павлодарлық ауруханада қаза болған. Қайтыс болғандардың арасында әкесі мен баласы бар.