15 там, 2024 сағат 09:31

Павел Дуров Қазақстандағы 12 ауыл баласына 356 000 долларлық грант бөлді


Қазақстандағы ауыл балаларына арналған 356 000 доллар көлеміндегі грантты Павел Дуров IQanat мектебіне бөлді. Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуров бұл қаржыны Қазақстандағы ауыл мектептерінде білім алатын 12 балаға арнайы бөліп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Айдын Рақымбаевтың айтуынша, Дуров мектепке келгенде ауыл балаларының жетістіктерімен танысып, олардың шетелдік университеттерге түсу мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытқан.

Ол грант ала алмаған балалардың оқуы үшін қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Соның нәтижесінде, грант санын 12-ге дейін арттырып, еліміздің ең шалғай аймақтарынан шыққан балаларға үлкен мүмкіндіктер берді.

Рақымбаевтың айтуынша, бұл бастама ауыл балаларының білім алуына үлкен үлес қосып, олардың болашағына сеніммен қарауына мүмкіндік береді.