24 мау, 2019 сағат 07:57

Парламенттің бірлескен отырысы өтпек

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» делінген құжатта.