17 нау, 2020 сағат 15:21

Парламент Мәжілісі қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді

Парламент Мәжілісі 18 наурыздан 15 сәуірге дейін қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты қабылданды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісі ғимаратында парламенттік іс-шараларға қатысушылар мен келушілер, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізілді.

Мәжілістің барлық шаралары (жұмыс топтары, бейінді комитеттердің отырыстары, «үкімет сағаттары», жалпы отырыстар) Палатаның ресми www.parlam.kz веб-сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Сондай-ақ Мәжілістің сайтында өткен шаралар туралы қысқаша мәліметтер мен суреттер жедел түрде жарияланады.

Сонымен қатар, барлық қажетті ақпаратты баспасөз қызметінен: 74-63-04, 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы алуға болады.