29 жел, 2022 сағат 10:18

Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті ұсталды.

Бұл туралы Facebook-те жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады, - деп жазады Massaget.kz порталы.

"Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды! Күдікті жергілікті бөлімдегі әскери қызметші болуы мүмкін", - дейді ол. 

Журналист мемлекеттік органдар бұл істі жауып тастай ма деп күдіктенеді. 

Оқиғаға қатысты Панфилов ауданының білім бөлімі өкілдері пікір білдірді. 

"Кәмелетке толмаған оқушыға қатысты жасалған қылмыс туралы 15 желтоқсанда белгілі болды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауында", - деді білім бөлімі өкілдері.