26 сәу, 2021 сағат 10:44

Пандемияда көз жұмған Ұлттық ұланның 2 сарбазы мемлекеттік орденмен марапатталды


Пандемия кезінде қызмет бабында көз жұмған 2 сарбаз мемлекеттік орденмен марапатталды. Бұл туралы Ұлттық ұлан әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық ұлан қызметі патриоттық пен ерліктің мектебіне айналды. Жүктелген міндеттерді орындау кезінде, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында біздің әскерилер қырағылық танытып, шешімтал ерліктер көрсетуде. Біз мақтан тұтатын сарбаздар баршылық. Пандемия жағдайында ерлік танытып, жанкештілік көрсеткені үшін 2 әскери қызметші көз жұмағаннан кейін мемлекеттік орденмен марапатталды. 52 әскери «Халық алғысы» медалін алды», - дейді Ұлттық ұлан өкілі.

Савердин Имиров тәуелсіздік жылдарында Ұлттық ұланның 25 әскери қызметшісі қызмет бабында көз жұмағанын еске алды.

«Тәуелсіздік жылдарында Ұлттық ұланның 214 әскери қызметшісі мемлекеттік наградамен мапаратталды. Оның ішінде 25-і қызмет бабында көз жұмған»», - деді әскери кеңес хатшысы.