Пандемия сын-қатерін жалғыз жүріп шешу мүмкін емес. Мұндай пікірді Грузия Парламентінің экс-төрағасы Нино Бурджанадзе білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пандемия бүкіл әлемдегі ауалды түбегейлі өзгертіп жіберді. Ол адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйіне ғана әсер етіп қоймай экономикалық және әлеуметтік проблемаларды да ушықтыра түсті. Сондықтан пандемиядан туындаған сын-қатерді жалғыз жүріп еңсеру мүмкін емес. Әрине, әрбір мемлекет оның еңсеру үшін нақты іс-шаралар қабылдау тиіс. Дегенмен, қазіргі орын алып отырған дағдарыстан әлем тезірек шығу үшін ынтымақтастық пен кооперация да өте маңызды. Осы тұрғыда отырыста Қазақстанның келешегі жайында сөз қоғадым. Қазақстан көп іс тындырып, өңірдегі көшбасшы екендігін бірнеше мәрте паш етті және оның экономикалық та, саяси тұрғыда да әлеуеті өте жоғары, Сондықтан Грузия үшін Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты жалғастырып, пандемия мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік беретін жаңа жобаларды жүзеге асыру маңызды», - деді ол Астана клубының 6-отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар шетелдік сарапшы Қазақстан халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауда жоғары нәтижеге қол жеткізгендігін баса айтты.
«Вакцинацияға қарсы науқанда мұқалмаған Қазақстан Үкіметі мен халқына ризашылығымды білдіргім келеді. Халықтың 70 пайызының вакцина алуы бүкіл әлемді жаулаған экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға негіз болады», - деді ол.
