30 қаң, 2023 сағат 17:41

Пәкістандағы мешіт маңында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты

© AFP 2023 / MAAZ ALI

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіт маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты DW сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік мұны террорист-жанкештінің шабуылы деп мәлімдеді. Ол жарылғыш затты мешітте 150-ге жуық адам, оның ішінде жақын маңдағы полиция бөлімшелерінен намаз оқуға келген көптеген полиция қызметкері болған кезде іске қосқан.

25 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланғаны хабарланды. Төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалап, ауруханаға жеткізілгендердің көпшілігі ауыр халде жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылысты айыптап, кінәлілерге қатысты "қатаң шара қолданылатынына" уәде берген. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алмаған.