23 қыр, 2021 сағат 14:23

Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады


Пәкістанның әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу жойғыш ұшағы елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мардан ауданында жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы Geo News телеарнасы хабарлады.

Пәкістанның ӘӘК өкілінің мәлімдеуінше, ұшқыштың тағдыры белгісіз. 

Ұшақ құлаған жерде арнайы комиссия жұмыс оқиғаның себептерін анықтау үстінде. 

Осыған ұқсас апат ағымдағы жылдың тамыз айында орын алған еді. Ол кезде Пәкістанның солтүстігіндегі Атток қаласында ӘӘК-нің екіорындық жойғышы апатқа ұшырады. Оның екі ұшқышы катапульталанды.