03 ақп, 2018 сағат 14:33

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы ЮНЕСКО елшісі қызметінен кетті

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева ЮНЕСКО елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады. 

Ол фэйсбук парақшасына: «2008 жылдан бастап тұрақты өкіл жұмыс істегеннен бері ЮНЕСКО-ға Өзбекстанның көптеген мәдениеті мен дәстүрі бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енді. Бұлар - «Навруз» мерекесін атап өтуі, Өзбекстанның Ферғана жазығындағы халықтың «Катта ашула» әнін орындауы, өзбек палауының мәдениеті мен дәстүрі, Шашмак музыкалық дәстүрі, «Аския» ауыз әдебиеті шығармашылығы. 2016 жылы әлемдегі ең үлкен тау жүйесі, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды алып жатқан Батыс Тянь-Шань Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді», - деп жазды.

Алдағы уақытта ол «Сен жалғыз емессің» балалар қорында жұмыс істеуін жалғастырмақ. 

Лола Каримова-Тилляева бұған дейін ЮНЕСКО елшісі қызметінен 2017 жылдың тамыз айында кететінін жариялаған. Ол кезде 39 жастағы Каримова-Тилляева енді бар уақытын Ислам Каримов қорына арнайтынын мәлімдеген.