Өзбекстанда коронавирустан сауыққандар саны емделіп жатқандарға қарағанда артты, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 28 сәуірде вирус жұқтырудың 35 фактісі тіркелген. Сөйтіп жалпы науқасқа шалдыққандар саны 1939 адамға жеткен.
Бір тәулікте аурудан 100 адам емделіп, жалпы 992-ге жетіп, бүгінге дейін 8 кісі көз жұмған.
Республика бойынша қазіргі уақытта ауруханада 939 науқас ем қабылдап жатыр.