02 қар, 2023 сағат 13:28

Өзбекстанда бетті жауып тұратын киім үшін айыппұл салынады

Фото: un.org

Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын орамал тағатындарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заңнамадағы тиісті түзетулерге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды. Түзетулерге сәйкес, медициналық диагноз бойынша бетті тұмшалауға болады, сондай-ақ, жұмысқа және қызметке байланысты киімдерде ғана ерекшелік болуы мүмкін.

"Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүру 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-дан 189 мың теңгеге дейін) айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан басқа, Мирзиеев көп әйел алуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулерге қол қойған еді.