Киевтегі Өзбекстан елшілігі қазір Украинадағы жағдайдың шиеленіскендігіне байланысты өз азаматтарын эвакуациялайды. Бұл туралы бүгін Киевтегі Өзбекстан елшілігі өз отандастарына арналған ресми үндеуде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.
«Украинадағы жағдайдың шиеленісуін және төтенше жағдайдың енгізілгенін ескере отырып, Өзбекстан Республикасының азаматтарына хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының Киевтегі Елшілігі эвакуация жоспарын және Украина аумағынан кеткісі келетін азаматтардың тізімін әзірлеуде. Украинаның әуе кеңістігінің жабылуын ескере отырып, ұшу бағыттары мен баратын жері дайындалуда.
Қолайлы эвакуациялау жолдарына қатысты мәселелер үшінші елдердің мүдделі қызметтерімен келісілгендіктен, Өзбекстан азаматтары елшіліктің www.uzbekistan.org.ua сайтында және әлеуметтік желілерде қосымша хабардар етілмек.
Украинадан кеткісі келетін Өзбекстан Республикасының барлық азаматтары төлқұжат мәліметтерін елшіліктің embassy@uzbekistan.org.ua электронды мекенжайына жіберулері тиіс.
Біз Украинадағы Өзбекстан азаматтарын тыныштықты сақтауын және қосымша сұрақтары болса елшілікке хабарласуын сұраймыз», - деп атап көрсетілген дипломатиялық өкілдік хабарламасында.