03 жел, 2021 сағат 18:55

Өзбекстан президенті Қазақстанға келеді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді.

"Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Оның сөзінше, келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.