15 нау, 2018 сағат 11:00

Өзбекстан Президенті Астанаға келді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин күтіп алды.

Айта кетейік, бүгін елордада Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі өтеді. Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден аталған жиынға Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады.

Сонымен қатар бүгін Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өнер қайраткерлерінің гала-концертіне қатысады.