29 сәу, 2021 сағат 11:41

Өткен тәулікте шетелден 3 мыңнан аса жолаушы келді


28 сәуірінде Қазақстанға 24 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Өткен тәулікте 3 308 авиажолаушы келді. Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 016 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 501 жолаушы; 

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 379 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 231 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.