Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1102 жағдайы, сондай-ақ 17 өлім тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Coronavirus2020.kz. сайтына сілтеме жасап.
1 тамыздан бері ауырғандар саны - 12110 жетіп, 137 өлім жағдайы тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.
Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.