11 жел, 2020 сағат 07:05

Өткен тәулікте коронавирус жұққан 836 адам анықталды

10 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 836 адам анықталды, 137 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. ПТР-тест коронавирус барын көрсеткен 9 адам, коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болған.

Наурыз айынан бері коронавирусы тестпен дәлелденген 139 995 адам тіркелген, 2 121 адам өліп, 122 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 129, Нұр-Сұлтанда - 118, Павлодар облысында - 90, Алматы қаласында - 75, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әрқайсысында - 72, Ақмола облысында - 67, Алматы облысында - 45, Атырау облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 29, Жамбыл облысында - 24, Ақтөбе облысында - 9, Маңғыстау облысында - 9, Шымкент қаласында - 7, Түркістан облысында - 6, Қызылорда облысында 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. 

Қазақстан 1 тамыздан бері клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға арнайы код беріп, жалпы пневмонияға шалдыққандардан бөлек есептеп келеді. Содан бері 43 635 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 4 айдан аса уақыт аралығында 462 адам қайтыс болған. 31 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, Қазақстанда коронавирустан - 13818 адам, коронавирус пневмониясынан 11,5 мыңнан астам адам емделіп жатыр.

Еліміздегі стационарларда 3862 науқас жатыр, 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 237 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.