27 қар, 2020 сағат 06:01

Өткен тәулікте коронавирус жұққан 813 адам анықталды

26 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 813 адам анықталды. Бір күнде 563 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (170) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 117, Павлодар облысында - 107, Ақмола облысында - 76, Қостанай облысында - 75, Алматы қаласында - 74, Нұр-Сұлтанда - 71 адам, Батыс Қазақстан облысында - 41, Қарағанды облысында - 21, Алматы облысында - 21, Жамбыл облысында - 16, Атырау облысында - 12, Ақтөбе облысында - 5, Шымкент қаласында - 4, Түркістан облысында 3 коронавирус инфекциясы анықталған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 129 213 адамға жетті: 115 мыңнан астамы жазылған, 2008-і қайтыс болған.

Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 595 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 434 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, елімізде 11,8 қазақстандық коронавирустан емделіп жатыр.

«Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан 11 816 адам емделіп жүр. Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаторияда емделіп жүр. 

Жалпы науқастардың арасында 208 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.