30 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 794 адам анықталды. Бір күнде 274 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, жексенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысы (125) мен Павлодар облысында (121) тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - 108, Ақмола облысында – 91, Қостанай облысында – 87, Алматы қаласында – 70, Нұр-Сұлтанда – 54, Батыс Қазақстан облысында 44 адамнан коронавирус анықталған. Өткен тәулікте Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 131 659 адамға жетті: 116 мыңнан астамы жазылған, 2020-ы қайтыс болған.
Сондай-ақ, 1 тамыздан бері 41 940 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 440 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.