Кеше, 24 қарашада Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 720 адам анықталды. Бір күнде 701 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сейсенбі күні ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (160) тіркелген. Павлодар облысында - 112, Солтүстік Қазақстан облысында - 112, Ақмола облысында - 69, Қостанай облысында 66 науқас табылған. Нұр-Сұлтанда - 50, Алматы қаласында - 43, Батыс Қазақстан облысында - 29, Алматы облысында - 22, Қарағанды облысында - 18, Жамбыл облысында - 14, Атырау облысында - 8, Ақтөбе облысында - 6, Түркістан облысында - 5, Шымкент қаласында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Қызылорда облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 127 580 адамға жетті: 114 мыңнан астамы жазылған, 1996-ы қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 41 223 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 428 адам қайтыс болған, 30 мыңнан астамы жазылған.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен ауырып, емделіп жатқандарға қатысты ақпарат жарияланды.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаторияда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өтеу ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.